Каз.литра

3)Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай

Ерлердің ісі бітер ме?

4)Шоқанның Аягөзде ізі қалған (Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл сапарының» күнделігінен)

«Біз 18 сәуірде Семейден Аягөзге аттандық»Бір қарағанда Шоқан туралы көп нәрсе белгілі сияқты. Ол бар жоғы отыз жылдық өмірінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өмірін, тарихын, тұрмысын зерттеу ісінде баға жетпес құнды еңбектер қалдырғаны аян. Олар бүгінде өзінің тарихи мәнін әлі жойған жоқ.  

Сондықтан да болар Шоқанның қалдырған мұралары табылып, бізге жеткендері кейінгі елу жыл ішінде ғана екі рет бес томдық шығармалары орыс тілінде жарық көрді. Шоқантанудағы тағы бір аса елеулі жаңалық, бұл ғалымның бұдан екі жыл бұрын шығармаларының алты томдығы төл тілімізде шығарылғандығы болса керек.  Шоқанның жан-жақты өнер иесі екендігін оның кез келген еңбегінен оңай аңғаруға болады. Соның бірі-жинақы да шымыр шығармасы- «Ыстықкөл сапары күнделігі».  Шоқан бұл еңбегін жазғанда бар жоғы 21 жаста екен. Егер Ш.Уәлихановтың ғылыми өмірбаянын жазып кеткен академик Әлкей Марғұлан дерегіне сүйенсек бұл жаста Шоқан Омбыдағы Батыс Сібір генерал-губернаторлығын басқаратын генерал Г.Х.Гасфордтың адъютанты, яғни, жеке тапсырмаларын орындаушы болған.  Баршаға аян, ұлы жүз қазақтары 19 ғасырдың ортасына таман Ресейге кешірек бағына бастады. Міне, осы мемлекеттік маңызы басым бұл істе патша үкіметі сақ саясат жүргізуі қажет болды. Өйткені, ол кезде бұл аймаққа Қоқан хандығының да ықпалы күшті болатын. Әсіресе, оңтүстікпен іргелес Іле сырты, Ыстықкөл маңында үлкен де күрделі істер өз шешімін күтіп тұрды.  Бұл жауапты жұмыстың басын ертелі-кеш қайыра беру мақсатымен Батыс Сібір генерал губернаторы Г.Х. Гасфорд 1856 жылы көктемде патша үкіметінің ұйғарымына орай, Ыстықкөл аймағына ғылыми-әскери экспедиция шығаруға бұйрық берді. Экспедиция жетекшілігіне Ұлы жүз қазақтарының сол кездегі приставы және Алатау округінің бастығы полковник М.М.Хоментовский тағайындалды. Экспедицияның мақсаты-қырғыз халқымен жақынырақ болса да танысу және Ыстықкөл аймағын картаға түсіру еді. Құрамы жүзге тарта адамдардан тұратын экспедицияға Шоқан да енгізілді.  Шоқанның бұл экспедицияға енгізілуінің де салмақты себебі бар. Жас офицер бұдан бір жыл бұрын ғана, яғни, 1855 жылы сол генерал Гасфордпен бірге Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай сапарына қатысып қайтқан еді. Осы сапар кезінде ол генерал Гасфордтың назарына ерекше ілініп, болашақ Ыстықкөл экспедициясы үшін жергілікті адамдардың ішінен оңайшылықпен табылмас маман деген тұжырым қалыптасқан еді.  Шынында осылай болды да. Сібірдің сол кездегі ең жоғарғы әскери оқу орны деп аталатын Сібір кадет корпусын сегіз жылдық оқу бағдарламасы бойынша үздік бітірген Шоқан білімімен, әдеттен тыс зеректігімен маңайындағылардың назарын өзіне аудара білді. Сондықтан да болар, Гасфордтың жеке жарлығы бойынша Омбыдан Семейге, одан әрі Аягөз арқылы 1856 жылдың сәуірінде Шоқан сол заманның ең жүрдек көлігі- тарантас арқылы үш апта ішінде Верный бекінісіне жедел жеткізіліп, экспедицияға қосылды.  Әрине, бүгінгі біздер үшін ұлы ғалым күнделігіндегі сол кездердегі деректер аса қымбат. Бұл орайда ескерер бір жай, Шоқан Омбыдан Семейге дейінгі жол жүрісін қағазға түсірмеген. Ол Семейден шыққан сәттен бастап күнделік жазуды қолға алған. Күнделіктегі Семей мен Аягөз аралығындағы жолдың суреттелуі тым қысқа болса да барынша нұсқа.  Шоқан 20 сәуір күні түнде Аягөзге жетеді. «Аягөз шағын станция, онда Найман руларын басқаратын округтік пристав бар». Саяхатшының үш ай бойы жүргізген күнделігінің желі тартып, өрлеуі де дәл осы сөйлемдерден кейін басталады. Шоқан сипаттаған Аягөз ол кезде қазіргі Аягөз қаласынан сегіз шақырым жердегі қазіргі Мамырсу ауылының орнында болған. Іргесінен Аягөз өзені ағып жатқан осы жерде 1831 жылы кішкентай қыстақтың орны қаланып, жаңадан құрылған округтің орталығы болды.  Аягөз 1860 жылы Сергиополь деп өзгертілді де, содан Кеңес өкіметі тұсында ғана Түрксіб темір жолының бойында ірге тепкен жаңа қаланың атауы болып өмірге қайта оралды. Сергиополь кезінде сауда керуен жолдарының өтінде тұрғандықтан біраз өсіп ұлғаяды. Теріскейінде Семей, түстігінде орта Азия шаһарлары, шығысында Шәуешек, Құлжа қалалары, батысында атақты Қоянды жәрмеңкесінен тартылған сауда жолдарының нағыз түйіскен тұсында орналасқан оған сан бұйымдар артқан керуендер келіп-кетіп жататын.  Семейден бері қарай сусыз, жалаңаш даламен жүріп келген Шоқан , Аягөз аймағында табиғат көрінісінің бірден өзгергенін байқайды. «Шынында да маңайдағы шөлейтті сусыз даламен салыстырғанда Аягөз жерұйық секілді»-деп тегін жазбаса керек. Әділінде Шоқан бұл жерден табиғаттың дүр сілкініп, жаңғырар шағы көктемде өткенді. Ол бүкіл жол бойы масаты көкке қымтанған далаға, енді ғана жапырақ жарған тал, тобылғы, қарағандарға сүйсіне көз салумен болған.  Шоқан Аягөзден Верныйға қарай қайта жолға шыққаннан-ақ, одан 90 шақырымдай жерде осы аттас өзеннің ар жағында орналасқан халқымыздың тамаша махаббат дастанының кейіпкерлері Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың зиратын көруге мықтап бекінген екен. Сондықтан Шоқан күнделігінің алғашқы беттерінде-ақ: «Мен Аягөзді мейлінше сүйіп, оған таңданамын. Мүмкін, бұл жайында осы өзен жағасында дүниеге келген сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы Көрпешке ғашық болуы жайындағы поэтикалық ғажап аңыздың да себебі бар шығар. Біз бұл дастанмен жақсы танысып, зерттеген едік. Ендігі ойымыз-ол жерге таң алдында, ертеңгі таң шапағы теректер мен суды нұрға малындырып, бозторғайлар әндеріне басқанда, зират қасында тәтті ойларға беріле отырып шай ішу еді»-деп жазуы тегін емес.   Бірақ, ат басын әдейі бұрғызғанымен көктемгі өзен суының қатты тасуынан Шоқан зират басына жете алмағандығы да белгілі. Оны да Шоқан күнделігінің өзі баяндайды. Ендеше тағы да күнделікке көз жүгіртелік.«Адам жобаласа да, құдай шешеді. Түні бойы жаңбырдың ірі тамшылары тарантастың шатырына тарсылдаудан тынбады. Батпаққа толарсақтаған аттар аяңға әрең жарап келеді. Бір дауыспен сорғалаған жауынның дыбысын тек шыбыртқының ысылы мен қалжыраған аттардың пысқырынуы, көшірдің жеки шыққан дауысы ғана бөледі. Түн тіптен нашар болды, жүріс те оңбады. Ойлаған жоспарымыз жүзеге аспай қала ма деп қауіптенемін. Көшірден әлденеше рет: — Күн ашылар түрі бар ма?-деп сұрадым. Қара бақайына дейін малшынған көшір мұндайда «жоқ»- деп қоңқ ете қалады да етегіне жиналған суды сілкіп тастап: «құдайдың күні-ай»,-деп тағдырына наразы болғандай үн қатады. Егерде жылдам жүргенде бекеттің пешіне шығып, әлдеқашан ұйықтап жататын көшірді аяймын. Бірақ, сұлу Баянның да аруағын қия алмаймын.  Осылайша біз бір сағаттай жүрдік- Мәртебелім,-деді көшір.-Мола әне тұр! Мен басымды тарантастан шығардым. Күн түнеріңкі бұлттың аржағынан әзер байқалады. Аспанды түгелдей былғаныш бұлттар қаптап алыпты. Жаңбыр бұрынғыша төгіп тұр. Ақ көбік болған аттар сортаң лаймен әзер жылжиды, ол жақтағы өзеннің арғы бетіндегі теректердің бастарынан асып бейіттің сүйір мұнарасы көрінеді, жырақтан ол қызыл қыштан қаланғандай байқалады. Мұндай ауа райында шай ішу, қазақтың көне ескерткішін мұқияттап қарау жайлы ойлаудың қажеті жоқ еді.- Шамасы, өзен тасып жатқан секілді, мәртебелім, өткел бере қоймас,- деді көшір менің ойымды жорамалдағандай.- Ілгері тарта бер, қайтар жолда қараймыз,-дедім де мен тонымды қымтанып, қалғып алу мақсатымен оң жағыма қисая кеттім…»Шоқан күнделігінен бұл ұзақ үзіндіні әдейі беріп отыруымыздың да өз сыры бар. Оның қаламынан орысша шыққан осы жолдарды оқып отырғанда, бізге нақ бір 19 ғасырдағы орыс прозасының үздік үлгілері көлденең тартылғандай әсер беретіні анық. Бұл салиқалы суреттерді жазған кезде ол небәрі жиырмадан жаңа ғана асқан жігіт болатын. Және бұған сіз осыдан тоғыз жыл бұрын ғана оның бір ауыз орысша білмегендігін қосыңыз.Қозы Көрпеш пен Баян сұлу бейітін бұл жолы жақыннан көре алмағанымен Шоқан шамасы оған сол жылы күзде Құлжаға барған сапарынан қайтар жолда соққан болуы керек. Мұны 1856 жылы бейіт жанында тұрған төрт тас мүсінді бейнелеген суреті дәлелдейді.Бүгінгі күндері ғалымдарымыздың Қазақстандағы ислам дәуіріне дейінгі V-Х-ғасырларында сәулет өнерінің бір үлгісі ретінде атап жүрген Қозы Көрпеш-Баян сұлу бейіті ғылым әлемінде талайдан бері белгілі болып келеді. Бұл ретте генерал В.Б.Броневский жазған мәлімет аса құнды. Бейітті 1825 жылы көрген Броневский ол туралы «Балқаш көліне құятын Аягөз өзенінің жағасында қазірдің өзінде жақпар тастардан қаланған пирамида аман тұр. Онда тастан қашалған бір еркек, үш әйел мүсіні бар»-дегенді айтқан.Ал 1858 жылы Қапалға бара жатқан жолында осы бейітке соққан, Қозы мен Баян жайлы дастанды ел аузынан жазып алған Сібір генерал-губернаторлығының чиновнигі Н.Абрамов оны «Мазардың биіктігі алты саржын, төрт бұрышты, есігі түстіктен, терезесі бар, өзі тастан қаланған. Қасында ақ тастан қашалған төрт сурет жатыр. Бірі-Баян, бірі-Қозы, бірі-Айғыз, енді бірі-қыз жеңгесі»,- деп жазған.  Осы жазбадағы мүсіндер жайлы сөздің шындыққа жақындығы бар. Оны біз Шоқан салған суреттен де анық байқаймыз. Суретте үш әйелдің және бір еркектің (басы жоқ) бейнесі бар.   Ал енді, осы тас мүсіндердің кейінгі тағдыры қалай? Кезінде көптеген ғалымдар олардың көне қазақ рулары өнерінің мұрасы екенін ұғып, оны орталық қалалардағы мұражайларға жеткізуге ықыластанады. Әйтсе де бұл ой жүзеге аса алмай жатқан. Мәселен, оларды 19 ғасырдың ортасында Москваның тарихи мұражайына жеткізуге талпынған граф А.С.Уваров өкімет таратынан көмек алмаған көрінеді. 1898 жылы бейітті зерттеген Түркістан өлкесі археологтар үйірмесінің мүшесі Н.Пантусов ол мүсіндердің тек біреуі ғана сынбай бүтін тұрғанын айтады. Шоқанның төлқұрдасы Г.Н.Потаниннің тапсыруымен оларды соңғы рет зерттеген А.Н.Белослюдов: «Қозы Көрпеш ескерткішінің қасында екі рет болдым. Бірақ мен ешқандай тас мүсіндерді көре алмадым… олардың екеуін Германияға алып кетіпті»,-деп жазады. Осы сөз шынында да рас болуы керек. Бір деректе оларды сол 19 ғасырдың соңғы кезінде Африкадағы герман губернаторы Виссаман әкеткен деген де әңгіме бар.Ал Шоқан күнделігіндегі «біз дастанмен жақсы таныс едік»,-дейтіннің де өзіндік себебі бар. Халқымыздың жәуһәр жәдігері болып табылатын «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырымен Шоқан сонау кадет корпусында оқып жүргенде-ақ танысса керек. 1851 жылы (бұл кезде Шоқан 16 жаста) өз әкесі Шыңғыспен Құсмұрында осы жырдың өздері естіген нұсқасын тұңғыш рет қағазға түсірген. Ал бұдан кейін де Шоқан белгілі жыршы Жанақтан осы жырдың екінші нұсқасын жазып алған. Сондай-ақ, 1864 жылы Шоқан Черняевтің экспедициясына аттанар алдында бұл аңыздың тағы бір үшінші нұсқасын ақын Шөженің айтуы бойынша жазып алуға мүмкіндік тапқан.  Шоқан Ыстықкөл сапарында үш жарым ай болды. Осы қысқа мерзім ішінде ол Ыстықкөл мен Жетісу табиғатын, жерінің ойы-қырын, өсімдіктері мен хайуанаттарын сындарлы суреттеп жазып қалдырды.Орайы келгенде ажыратып айта кеткен жөн. Шоқан Аягөзде өзінің қысқа өмірінде бір емес, үш рет болған. Мұның біріншісі жоғарыда толық баяндалды. Ал Шоқанның бұдан кейінде Аягөзде екі рет болуын біреу білсе, енді біреулер біле бермейді. Екінші рет Шоқан Аягөзден 1858 жылы Батыс Қытай аймағындағы Қашқарияны зерттеу жасырын жүргізілетіндіктен сол жаққа баратын сауда керуенінде Әлімбай деген атпен өткен. Соңғы рет Шоқан Аягөзде 1864 жылы болған. Дәл осы жылдың көктемінде Шоқан Қазақстанның оңтүстік аймағын Ресейге түбегейлі қосу үшін әскери қимылдар жасап жатқан генерал Черняевтың экспедициясындағы тілмаштық мәмлегер тобын басқару үшін тағы да Омбы-Семей-Аягөз-Верный арқылы Әулиеатаға жеткізілген. Бұл туралы дерек Шоқанның 1864 жылы 23 наурызда өзінің досы К.К.Гутковскийге жолдаған хатында анық баяндалған. (Қараңыз: Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах Том5.А-Ата, из-во «Наука», 1985,стр161).  Ашып айтарымыз-бүгінгі Аягөз ауданының орталығы Аягөз қаласында Шоқан Уәлихановтың осы өңірде болуын әрқашан хабардар етер бір белгі-ескерткіш тұғыр орнатылса деген ұсынысты көпшіліктің есіне салу.Ғабит Зұлхаров, бұрынғы мұрағат қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Аягөз қаласы. 

5)Өнер — білім бар жұрттар

Бет 1 . Барлығы 2 бетӨнер — білім бар жұрттарТастан салай салғызды;Айшылық алыс жерлерден,Көзіңді ашып — жұмғанша,Жылдам хабар алғызды.Аты жоқ құр арбаныМың шақырым жерлерге,Күн жарымда барғызды.Адамды құстай ұшырды;Мал істейтін жұмыстыОт пен суға түсірді;Отынсыз тамақ пісірді,Сусыздан сусын ішірді.Теңізде жүзді балықтай,Дүниені кезді жалықпай,Білгендерге осыларБәрі — дағы анықтай,Білмегенде танықтай;

Бет 2 . Барлығы 2 бетБіз де бекер жатпалық,Осыларға таныспай;Ат өнері білінбесБәйгеге түсіп жарыспай;Желкілдеп шыққан көк шөптейЖаңа өспірім достарым,Қатарың кетті-ау алысқа-ай,Ұмтылыңыз, қалыспай.Біз надан боп өсірдікИектегі сақалды.Өнер – жігіт көркі деп

Ескермедік мақалды…Біз болмасақ сіз барсыз,Үміт еткен достарым,Сіздерге бердім батамды.

Жаз

Ыбырай Алтынсарин

Бет 1. Барлығы 2 бетСөуірде көтерілер рахмет туы,Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,Жайылар жер жүзіне қардың суы…Үшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,Өсірер жерден шөпті нүрдың буы.Жақындар Қүдайымның көктен күні,Тең болар жарлықпенен күн мен түні.Аспаннан рақымменен күн тонгенде,Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны.Үйқыдан козін ашқан жас балаша,Жайқалып шыға келер жердің гүлі.Шапақтан бүлты шығар мүнарланып,Жаңбырлы күндер түсер түманданып.Адамзат нәр ауасын судай жүтар,Шол тартқан айуандарша қүмарланып.Жетпеген үлкендікке жас балаларЖүгірер ойдан-қырға жүмарланып…Сөуірде алуан-алуан жауар носер,Носердің қуатымен жер шобі осер.

Бет 2 . Барлығы 2 бетКокорай дүние жүзі шалғын болып…Жан, айуан, адамизат бауырын тосер.Жан-жәндік рахат тауып түру үшінҮшпақтан хош иісті желдер есер.Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,Қүдайым дәрмен бол деп етер пәрмен.Бір малы шаруаның екеу болып,Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.Күлісіп, қүшақтасып әзіл етер,Әйелдер кош жонелтіп кейін қалған…Жүгірер киік, қүлан тау мен қырда,Қуанып ықыласпен келген жылға.Алыстан мүнарланған сағымдарыШақырып түрар күліп кел деп мүнда

.

6) Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба,Ойнап босқа күлуге.Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол,Адам болам десеңіз.Тілеуің, өмірің алдыңда,Оған қайғы жесеңіз.Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой –Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз.Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз?Болмасаң да ұқсап бақ,Бір ғалымды көрсеңіз.Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз,Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз? Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз.Ақыл сенбей сенбеңіз,Бір іске кез келсеңіз.Ақсақал айтты, бай айтты,Кім болса, мейлі, сол айтты –Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме,Шын сөзбенен өлсеңіз.Аят, хадис емес қой,Күпір болдың демес қой,Қанша қарсы келсеңіз.Көп орында көріне айтпа,Біздің сөзге ерсеңіз.Мұны жазған кісініңАтын білме, сөзін біл!Осы жалған дүниеденШешен де өткен не бұлбұл,Көсем де өткен не дүлдүл.Сөз мәнісін білсеңіз,Ақыл – мизан, өлшеу қыл.Егер қисық көрінсе,Мейлің таста, мейлің күл.Егер түзу көрінсе,Ойлап-ойлап, құлаққа іл.Ақымақ көп, ақылды аз,Деме көптің сөзі пұл.Жақынның сөзі тәтті деп,Жақыным айтты дей көрме.Надандықпен кім айтса,Ондай түпсіз сөзге, ерме.Сізге айтамын, хаупім – бұл.Өзің үшін үйренсең,Жамандықтан жиренсең,Ашыларсың жылма-жыл.Біреу үшін үйренсең,Біреу білмес, сен білсең,Білгеніңнің бәрі – тұл.Сөзіне қарай кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма.Шын сөз қайсы біле алмай,Әр нәрседен құр қалма.Мұны жазған білген құл –Ғұламаһи Дауани,Солай депті ол шыншыл.Сөзін оқы және ойла,

Тез үйреніп, тез жойма,Жас уақытта көңіл – гүл.

7) Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,Ол — ақынның білімсіз бишарасы.Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,Қосарлы бәйітмысал келді арасы.Қисынымен қызықты болмаса сөз,Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,Әрбірі келгенінше өз шамасы.Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,Сонда да солардың бар таңдамасы.Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысынҚазақтың келістірер қай баласы?Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.Ақындары ақылсыз, надан келіп,Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.Жат елде қайыршылық қылып жүріп,Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,Былжырақ көрінеді солар даңдақ.Ескі бише отырман бос мақалдап,Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,Сендерге де келейін енді аяңдап.Батырды айтсам ел шауып алған талап,Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,Әншейін күн өткізбек әңгімегеТыңдар едің әр сөзін мыңға балап.Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.Амалдап қарағайды талға жалғап,Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –Бұларды керек қылмас ешкім қалап.Терең ой, терең ғылым іздемейді,Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң, арқалан.Сен де — бір кірпіш, дүниегеКетігін тап та, бар қалан!Қайрат пен ақыл жол табарҚашқанға да, қуғанға.Әділет, шапқат кімде бар,Сол жарасар туғанға.Бастапқы екеу соңғысызБіте қалса қазаққа,Алдың — жалын, артың — мұз,Барар едің қай жаққа?Пайданы көрсең бас ұрып,Мақтанды іздеп, қайғы алма.Мініңді ұрлап жасырып,Майданға түспей бәйгі алмаӨзіңде бармен көзге ұрып,Артылам деме өзгеден.Күндестігін қоздырып,Азапқа қалма езбеден.Акырын жүріп, анық бас,Еңбегің кетпес далаға.Ұстазтық қылған жалықпасҮйретуден балаға.Көлеңке басын үзартып,Алысты көзден жасырса;Күнді уақыт қызартып,Көкжиектен асырса;Күңгірт көңілім сырласарСүрғылт тартқан бейуаққа,Төмен қарап мүңдасар,Ой жіберіп әр жаққа.Өткен өмір — қу соқпақ,Қыдырады талайды.Кім алдады, кім тоқпақСалды, соны санайды,Нені тапсаң, оны тап,Жарамайды керекке.Өңкей уды жиып ап,Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілдіҰлып жүртқа қайтқан ойӨкінді, жолың бекінді,Әуре болма, оны қой.Ермен шықты, ит қылып,Бидай шашқан егінге.Жай жүргенді уерд қылып,Тыныш өлсеңші тегінде.

ЕскендірОсы жұрт Ескендірді біле ме екен? Македония Шаһары оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.Филипп өлді. Ескендір патша болды,Жасы әрең жиырма бірге толды. Өз жұрты аз көрініп, көршілерге Көз алартып қарады оңды-солды.Сұмдықпен әскер жиып қаруланды, Жақын жерге жау алып тура аттанды.Көп елді күтінбеген қырды, жойды, Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.Жазасыз жақын елдің бәрін шапты, Дарияның суындай қандар ақты. Шапқан жердің бәрін де бодан қылып, Өкіметпен қолына тартып апты.Ескендір елде алмаған хан қоймады, Алған сайын көңілі бір тоймады. Араны барған сайын қатты ашылып, Жердің жүзін алуға ой ойлады.Қанішер қаһарлы хан ашуы кеп, Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп. Сол күнде қошаметші айтады екен:Ханның ханы, патшаның патшасы деп.Атағы талай жерге оның жетті, Жердің жүзін алуға талап етті. Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып, Есіткен елдеріне жүріп кетті.Алдынан шыға алмады ешкім мұның, Бәрін де алды, қорқытты жолдағының. Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ, Жер жүзін жеке билеп алмақшының. Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті, Алып жүрген суының бәрін ішті. Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп, Басына құдай салды қиын істі. Сандалды сар далада су таба алмай, Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай? Қызметкердің бәрін де өлтірмекші Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.Мысалы астындағы ат о дағы ұшты, Ескендір де атының жалын құшты. Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге Патшаның ат үстінде көзі түсті. Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ, Таспадай бейне арықтан шыққан құлап.Түсе сала Ескендір басты қойды, Ішсе, суы өзгеше, тәтті тым-ақ. Кепкен балық келтіртті сонда тұрып, Сол суға балықты алды бір жудырып. Исі, дәмі өзгеше болып кетті, Таң қалды мұның бәрін суға жорып.Ескендір қолына айтты: «Бұл неткен су? Бәрің де ішіп, бұл суға бетіңді жу! Бір бай елден осы су шыққан шығар, Өрлеп барып, үстіне тігелік ту.Бұл салқын, тәтті суға қаныңыздар, Шақ келер маған жан жоқ наныңыздар. Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп, Талқан қылып шаһарын алыңыздар!”Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей, Шаһарына жеткенше дамыл көрмей. Көкпеңбек темір киген өңкей батыр Тарттырып жөнеледі сырнай-керней.Сол әскер суды өрлеп талай жүрді, Судың басы бір құзар шатқа кірді.Шаттың аузын бекіткен алтын қорған, Қақпасы бекітулі, көзі көрді.Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды, Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды. Аша алмады қақпаны, үміт үзді, Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды. Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой, Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой? Дел-сал болып бәрі де қайта шықты, Алысып әл келмесін байқаған ғой. Долдықпен хан Ескендір ашуланды, Ашуланып қақпаға жетіп барды. Қақпаны дүбірлетіп қағып-қағып:– Қақпаңды аш! деп барынша айғай салды.Қақпаның ар жағынан біреу келді, Күзетшісі сол екен, дыбыс берді – Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ, Бұл – құдайға бастайтын қақпа, – деді.– Білмесең, мен Ескендір патша деген, Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген. Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған, Қорлығым өзім туып көз көрмеген.– Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең, Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең! Іші тар көре алмастың біреуі сен, Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.– Талпынған талаппенен мен де бір ер, Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер. Ең болмаса, халқыма көрсетейін, Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер.Қақпадан лақтырды бір орамал,Сыйым – осы, есерім, мынаны ал! Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер, Апар-дағы, ойланып, көзіңді сал!Орамалды қуанып қолына алды,Сый алдым деп халқына қайта барды.Қараса ішіндегі бір қу сүйек,Бұл не еткен мазағы деп аң-таң қалды.Ашуланып сыйына болды кекті,– Ең болмаса білмеді сый бермекті:Осы менің теңім бе?–деп ақырып, Лақтырып жіберді сол сүйекті. Жолдасы Аристотель ақылы мол, Лақтырған сүйекті алады сол. Ханға айтты: «қасиет бар бұл сүйекте, Көзіңе көрсетейін, хабардар бол». Сол күнде Аристотель – жеке дара, Ақыл сөзін тыңдамай бар ма шара: – Таразыны әкел де, сүйекті сал, Бір жағына алтын сап, өлшеп қара! Бұл сөзге Ескендір де қарай қалды, Таразыны құрдырып, ортаға алды. Қанша алтынды күміс пен салса-дағы, Бір кішкентай сүйекті аудармады.Мұны көріп, Ескендір аң-таң қалды, Бар қаруын алтынға қоса салды. Енді қайтер екен деп қарап еді, Бұрынғыдан қу сүйек ауырланды.Аристотель хакімге патша келді – Мына сүйек қазынаның бәрін жеңді. Бұл сүйекті басарлық нәрсе бар ма? Ақылыңмен ойланып тапшы! – деді.Хакім жерден топырақ алып барды,Бір уыстап сүйекке шаша салды. Ана басы сылқ етіп жерге түсіп, Сүйек басы жоғары шығып қалды.Ескендір мұны көріп аз тұрады,Хакімді аулақ жерге шақырады. – Таң қаларлық іс болды мұның өзі, Мәнісін айтып берші, – деп сұрады.– Бұл адам көз сүйегі, – деді ханға, –Тоя ма адам көзі мың мен санға?Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.Кәпір көздің дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тоя ма екен? Қанша тірі жүрсе де, өлген күні Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат:Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат. Сый сұрадың, бергені – бір қу сүйек, Мұны көріп, алыңыз сіз де ғибрат!Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті, Құдайым көрсетті деп бұл бір істі. Бекерлік екен менің бұл ісім деп, Қолын алып жұртына қайта көшті. Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме, Мұны бір өзге сөздің бірі деме. Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін, Тоймас көзің толар деп қайғы жеме.Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.Мақтанасың біреуге мақтасын деп, Шаужайымнан еш адам қақпасын деп, Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар, Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.Ақылсыз өзін мақтап былжырайды, Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды? Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!

Жастарға

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.Өшпес өмір, таусылмас мал берерлікБір білімді данышпан жан табалық.Ал, енді, олай болса, кімді алалық?Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,Күнде күйлей бермелік бозбалалық.Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,Жалыналық Абайға, жүр, баралық!Білімді сол кісіден ізденелік!«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.«Өмір зая болмастық өнер үйрет,Ақылыңды аяма бізге» делік.«Көп қуға көзіңізді сүзбе» делік!«Ұқпас деп бізден үміт үзбе» делік!«Залымдар заң үйретіп адастырды,Бізді сал жөнделерлік ізге» делік!Тапқан іске таласпай, шын көнелік!Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік!Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,Өтірікке өлгенше, шынға өлелік!Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.Тегін білсең –аласың, бос береді,Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.Құрбыласы қулық пен айла баққан,Олардан алдамшы деп көңлі қайтқан.Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан.Алмасақ үміт үзер тағы жастан,Өлсек те, ұмтылалық осы бастан.Өткізе алмай, еліне қайтса көшіп,Қаламыз асыл түгіл ине алмастан.Қой, ойлалық шатылып, шатаспастан,Оңамыз ба Абайдан бата алмастан?Асыл алсақ, асылын аямайды,Келді ғой өз еліне сата алмастан.Пұлы өтсе, үміті бар қуанбақтан,Еңбегім жанды ғой деп жұбанбақтан.Абай кетсе, осы елде кім қалады,Не табамыз наданнан сұранбақтан?Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.Надандықтан еліріп босқа жүрсек,Мына заман көрсетер бізге тарлық!Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,Асыл сол –ақыл, білім бойда барлық.Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,Мен де анаудай болсам деп таласарлық.Үлкендерде мінез жоқ танданарлық,Олардың қылған ісі – ұрлық-қарлық.Арам ойды ақыл деп ардан күсіп,Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлықЗамандасы болмады сөзді ұғарлық.Амалы жоқ, айналды енді бізге,Күн туды етегіне жабысарлық.Пұл асылы табылса, қолға алалық,Кісі емес ескерусіз бос қаларлық.Күнде осындай табылмас бізге басшы,Күн болса кейінгіде қозғаларлық.Ақыл, білім осындай ар жақтарлық,Айласыз, өтіріксіз жан сақтарлық!Үзіп-жұлып ұятсыз атанбай-ақ,Ақылмен жол табалық ел бастарлық!Осыған қазақ бар ма жанасарлық,Ғылым, өнер, ақылмен санасарлық?Жұрт алмаса, ақылын біз алалық,Өзгедей надан емес адасарлық.Бұл елде түк ақыл жоқ жарасарлық,Рахым ғып бір-біріне қарасарлық.Өз Абайын өздері ұнатпайды,Шын надан осылар ғой біз қашарлық.Мына жұртта мінез жоқ ойланарлық,Бізге де заман келер сайланарлық.Елге еріп есер, бәңгі атанғанша,Ой табалық жақсы атақ байланарлық!Ақыл жоқ бұл қазақта ойға ұнарлық,Өзін-өзі тексеріп, бой сынарлық.Білім іздеп білуге кесел болар,Көрсеқызар, к…і ашық бос құмарлық.Ойланар уақыт болды бас қосарлық,Дұспан көп енді бізге жол тосарлық.Арамдықтан көңілді арылталық,Ақыл ойлап, алалға қол босарлық.Мидағы ой-тамырға жол салалық,Жүрекке оймен сынап апаралық!Ақ жүректің ғадалат қылған ісін,Қабылдауға қызығып қозғалалық!Жарасымды мінезді жатқа алалық,Жанға қас жамандықтан сақтаналық!Арсыз, ғайбат, өтірік, ынсапсыздық –Бұлардан бой тасалап ақталалық!Аспандап аса бермей шақталалық,Аласыздық, адалдық жақты алалық!Өтіріктен жалығып, өнер тапсақ,Біз сонда жетілдік деп мақтаналық!Хош, енді көп наданның тілін алдық,Бірімізге біріміз пәле салдық.Ой да жоқ, ұят та жоқ, күнде аңдысып,Жүргенмен жағаласып не таба алдық?Арам ақыл үйрендік айла, амалдық,Қулық пен өтірікті сайлап алдық.Ынсап, рахым, ұяттан жүген ұстап,Өзіміз ең түбінде қайда бардық?Елірдік, ерегістік, елді жардық,Байлаусыз пайдасы жоқ іс шығардық.Бүгін дос, таң атса қас бола қалып,Бұлт еттік, мен болдым деп ат аларлық.Тыным жоқ, тыныш жүріп мал бағарлық,Арыз бердік бас кетіп, айдаларлық.«Енді бізге ғадалат айта көр» – деп,Өзіміз ақырында қайда бардық?Бұл іспен бойға мақтан кірді, паңдық,Әркімнің әлі бар деп алар аңдық.Жеңгеніміз желіктік желпең қағып,Жеңілгенді жер болған атқа таңдық.Ортамыздан от жағып, өрт шығардық,Көре тұра құтырып, күйіп-жандық.Қой, үйтпелік, өзіміз жарасалық!Наданмен неге бірге адасалық?!Жаман айла, жат мінез пайда бермес,Бойдағы мінімізге қарасалық!Жаман әдет тастауға ұнасалық!Мына мінез қалай деп сынасалық!Тұп-тура бетімізге айтысалық,Ашуланбай, ақылмен шыдасалық!Арсыз, арам айланы тастасалық!Адал іске талаппен бастасалық!Неде болса білімді ізденелік!Надандықпен біржола қастасалық.Жалған айтып, біреуге жалынбалық!Біз, сірә, үлкендердей қағынбалық!Наданға өлсек-тағы бағынбалық!Өтірік, өсекке еріп сабылмалық!Рахым жоқ, қанағат жоқ, арсыз болып,Жас бойға жаман атақ тағынбалық!Таза ойлап, татулық іс табалық!Жау жоқта, тіпті жауды сағынбалық!Адалға әлімізше аяңдалық!Арамға аяқ баспай шабандалық!Елемесең, есіңе енбейді ақыл,Ескерсең, осы сөзім сендерге анық.Болмас іске бұртаңдап тырыспалық!Бетке айтқанның зәрі жоқ, ұрыспалық!Көзге жылпың қөрініп, сыртқа қылпың,Артымыздан құр өсек қылыспалық!Сөз байласақ, уағдада тұрысалық,Сыртымыздан жақсылық қылысалық!«Қашқан –жаудан құтылар» деген қане,Надандықтан жиреніп, жылысалық.Білмегенді білуге тырысалық!Жалқаулықты қөңілден сырысалық!Босқа күлген күлкіні күйлемелік!Шын ақылға мойынды бұрысалық!Жақсы білім іздеуге жалықпалық!Табылмаса, тарығып, талықпалық!Салақтықты қоялық, сақ болалық!Білгенді, білмегенді анықталық!Ғалым көрсек –әр істі сұрасалық!Ондайға басымызды құрасалық!Өстіп істеп өзіміз қамданбасақ,Бізге ақыл үйрете алмас мына халық.Кейде бірге жүрелік, кейде ойналық!Ойнап, күліп, кешікпей ой ойлалық!Ойынымыз аз болсын, ойымыз көп,Оймен талап етпеген іс қоймалық!Күнде көздеп, мінезді тексерелік!Айланы ақыл демей, сескенелік!Адалдың жолында өлсек, арман бар ма?Ақты аныққа шығарам деп көрелік!Кісіге оны бұрған өкпелелік!Тіл алса, «мұны қой» деп ақыл айтып,Тыңдамаса, жау көріп кектенелік!Білімді неге бойға көп көрелік?!Ақтан тауып несіпті жеп көрелік!Артық ақыл ойланып таба қалсақ,Біз-дағы алушыға тек берелік!Надандықпен қарнымыз тоқ демелік!Біз білмеген еш ақыл жоқ демелік!«Айланы ақыл, арсыздық әдеп қой» деп,Арамды алал, асылды боқ демелік!Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,Арсыз сол –арамдықпен жан сақтайды.Адал сол –таза еңбекпен күнін көріп,Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.Жалғаншылар сөз айтса, «сырым» дейді,Біліп қойсаң, «бұ да бір қырым» дейді.«Әншейін байқайын деп айтып едім,Өтірігімді ұстап па ең бұрын?» дейді.Надандар төрт аяқты малға ұқсайды,Қаңғырған тамақ іздеп аңға ұқсайды,Өз бетімен табатын өнері жоқ,Талапсыз, өлі сүйек жанға ұқсайды.Бұлар –мәлім, сатып жүр, көрдің мұны,Болмайды кімге залал мұның түбі?Өздері біреуіне бірі сатсын,Алмалық біз қызығып енді осыны!Сатады өтірігін шынға жастап,Жүрміз деп жарасымды өнер бастап.Айналасы белгілі аз ақша ғой,Пәлшесін тауысайық жыртып тастап!Осы жұрт өтірікпен жүр ту ұстап,Айланы не қыламыз берсе уыстап? Күні бұрын ондайға жуымалық!Орын алып, кетпесін бой қуыстап.Айла орнына ақылды жұмысталық!Өтіріктің орнына шын ұсталық!Жалған айтып, жан сатып, жалынбай-ақ,Тура жолда тұрып-ақ тынысталық!Өз әкеміз айтса да ұнамалық,Ағамыздың сөзі деп тыңдамалық:Үйреткені өнер ме, әрекет пе,–Өзіміз ортамызда сынға алалық!Олар бізге оқы дер қу болмақты,Уағдасыз, жалғаншы су болмақты.Сыяз сайын әркіммен арпалысып,Күнде дау, күнде жанжал, шу болмақты.Өнер қылма ар сатып, жалданбақты!Ұлық болып, елді жеп малданбақты!Біреуді жеп, біреуді табамыз ба,Қашан жақсы көруші ек алданбақты?Өлсең де ондай сөзге құлақ салма!Ардан күсіп, ақылдан құры қалма!Әкең түгіл, арғы атаң айтса-дағы,Білімі жоқ наданның тілін алма!Қулықты біз қылғанмен, ол қылмай ма?Бізге де өңкей надан жабылмай ма?Айла, арамдық, арсыздық, ынсапсыздықБізге бар да, өзгеге табылмай ма?Жамандық күнә болып жазылмай ма?Адалдықпен жиған мал бағылмай ма?Уағдашыл болған жан өле қалып,Өтірікші құдайға шағылмай ма?Өмір өнбес бір күнгі қылған жалға,Көз тоймас үзіп-жұлып алған малға,Жұрттың ісі неге жөн болмасын деп,Ой ұнамай, ондайға өлсең нанба!Мақтанбалық айламен алдағанға!Надан боп, ұқсамалық айуан малға!Жан біткеннің бәріне жара салып,Жан сақтаған не болар жалғыз таңға?Залалы тие берсе мұқым жанға,Рахымсыз, қайырымсыз боп қысылғанға,Не дүние, не болмаса ақиретте Болар-ақ бір қиындық шыбын жанға!Залым кісі кірмейді тіпті санға,Сынайтұғын бір сыншы табылғанда.Білімдігің бит шаққан құрлы болмас,Тамам күнәң жиылып жабылғанда.Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?Көз жұмып, «Көппен көрген ұлы той» деп,–Береді бұл надандық кімге пайда?Білімдіге білімсіз бағынбай ма?Іздесе, пендеге жол табылмай ма?Ақты қойып, арамды әдет етсек,Денеміз дозаққа өзі жағылмай ма?Ажал оғы бір күні атылмай ма?Тура келсе, тіл тартпай қатырмай ма?«Әлхилла ассалата жаназа» деп,Ақ кебінге оралып жатылмай ма?Қай пенде жолықпайды осындайға,Соны ойлап жүрегіміз шошынбай ма?«Дүниеде не қылдың, не қойдың?» деп,–Алдыңда неше жерде тосылмай ма?Жатпалық жалқауланып тіпті жайға,Жайлы ақыл ойланалық жанға пайда.Кейінгінің қалмалық обалына,Сонда мақұл боламыз бір құдайға.Осы ел жүр өтірікті үнем қылып, Ақты қойып, арамға көңіл бұрып.Қудыраңдап, қу, білгіш атанам деп,Шығарады бір пәле қарап тұрып.Біреуіне біреуі қақпан құрып,Аңдаусызда кетем дер бір түсіріп.Біле сала қылады о да қулық,Аяғы сау жан қалмас сүйтіп жүріп.Мақтанады жетілген кісімсініп,«Қулыққа қалыппын,– деп,– қатты ысылып».«Ел мінезі қолымда санаулы»,– деп,Жан біткеннің айласын өзі біліп.Айтқанда өтірікті судай қылып,Шынды ескерген адам жоқ көзіне іліп.«Қу» десең, құлағына бір кірмейді,Езуін тастар ма еді, сірә, тіліп!Тоқталған бір пенде жоқ қыры сынып,Мойнына әбден алған сайтан мініп.Айтсаң-ақ, «анау қу» деп жымыңдайды,Соған ыза боласың іштен тынып.Арамдыққа осы жұрт жүр ұмсынып,Аздан бері тым кетті құдай ұрып.Білмегені білгеннің тілін алмай,Бәрі бірдей шулайды иттей үріп.Бір күн біреу жалғанмен жүр құтылып,Біреу жүр айламенен үзіп-жұлып,Ертең көрсең, екеуі қолға түсіп,Кескектеген түлкідей тұр тұтылып.Арамдықтан шығады кім сытылып?Бір желіксе, кетеді тым құтырып,«Жығылған жан күреске тоймас» деген,Қарта ойнаған кісідей күнде ұтылып.Абай жүр соны мазақ өлең қылып,Біреуі ұғар ма деп көзі ашылып, Бізге де біразырақ айтқаны бар, «Құр қылжақтай берме,– деп,– босқа күліп».Ұқсатып, ұнасымды сыйыстырып,Жасты да жамандапты қиыстырып.Ойын-күлкі – бар қылған мінезіміз,Біреуін де қалдырмай жиыстырып.Тым туралап айтыпты сұғындырып,Білгенге үйретіпті ұғындырып.Көріп тұрған мінезді жасырсын ба?Әркімге-ақ кеткен екен жұғындырып.Сөзбен де, өлеңмен де сабақ беріп,Алсын деп керектісін өзі теріп.Шиқанымды езгендей шықты жаным,Айтқанда естігендер ұғып келіп.Шүу дегенде бұл сөзі жанға батты,Бұрын ондай көргем жоқ жаманатты.Қайырусыз, қағусыз өскен басым,Бұлқындым шу асаудай мойны қатты.Естіген соң, жүректе түйін жатты,Сол түйін тыныштатпай көп ойлатты.«Неге мұндай қатты айтты?» – деп ойласам,Өлеңінің сырты ащы, іші тәтті!Жаны ашып, жақсы соқпақ тазалапты,«Жігерленсін, білсін» деп табалапты.«Жоба көрмей, жүгенсіз кетпесін» деп,–Қатты сөзбен қайырып қамалапты.Енді ойладым «қайратқа мінейін» деп,«Білімдінің қадырын білейін» деп.«Ақыл сөзбен арқама күнде ұрғызып,Талаппен түзу жолға кірейін» деп.«Мен неге күлкі болып жүрейін» деп,«Өзім біліп, біреуге күлейін» деп.«Шын наданға атар таң болмайды екен,Білім іздеп, құдайдан тілейін» деп.«Білмекке талап етіп көрейін» деп,«Шын сөзге көңілімді бөлейін» деп,«Надан болып қорлықты көргенімше,Естінің айтқанымен өлейін» деп.Үлкендер ұмтылмайды «ұғайын» деп,«Мен-дағы бұл қылықтан шығайын» деп.Айтқан сайын аяғын кер басады,Құлағына мақтаны тығайын деп.Құмары – қулықпенен жығайын деп,Айламен аяғыма бұғайын деп,Бәрі ішінен қанжарын байланып жүр,Көрінгеннің көзіне сұғайын деп.Халалға ойламайды шыдайын деп,Арамның түбі болар уайым деп.Күнде жау боп, күрілдеп, жұлысады,Тек отырған бір жан жоқ «Құдайым» деп.Байладым белді бекем буайын деп,Жүректі адалдықпен жуайын деп.Талпынған мақсат іздеп мақрұм қалмас,Адамдық ғылым жолын қуайын деп.

Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді.

12)»Бақытсыз Жамал» романы  

Халық тағдыры М. Дулатовтың прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның »Бақытсыз Жамал» атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірітабыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетінде  көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді.  Міржақып осы шығармасы арқылыбұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың »Қыз көрелік», С.Көбеевтің »Қалың мал», С.Торайғыровтың »Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтікмәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.

«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ  қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді  армандағанбойжеткеннің трагедиялық жолы.

Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады.

… Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына  жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған  жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт ендібірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар…

Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты »ләббай, тақсыр»деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі.

Міржақып Дулатов осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастағанбелсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады.

…Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді.

Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды.Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді.

Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынаншығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де »Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қызбар» деген лақап жайыла бастады.

Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып,құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын,көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғалиауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтысболады.

Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал менҒалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады.

М. Дулатов бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының басеркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады.

Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсышығады.

Міржақып Дулатовтың романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді.

Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқынаңғарылады.

Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шенмақтанышы қымбатырақ.

Тұтастай алғанда, «Бақытсыз Жамал» романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның  айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуінедәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!  Бол, қазақ!

Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.

Алашағың аз ба мына дүниеден,

Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

 

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!  Бол, қазақ!

Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!

Ауырыңды арқала да, алға бас,

Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!

 

Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,

Ер мінезбен өр рухқа болма жат.

Ортасына жалғыз орыс кіргенде,

Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.

 

Аталардан қалған асыл мұрамыз –

Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.

Азаттығы ұмытылған ұлт болып,

«Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.

 

Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз,

Сұмдық сіңген сүйекке де –

Қараңыз!

Тойланады мерекеміз жат жұртша,

Ойланады өзге тілде баламыз.

 

Құранды да,  Құдайды да сүймейміз.

Сұлу көрсек ,оңашаға сүйрейміз.

Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз,

Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз.

 

Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз,

Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз.

«Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз,

Бірақ оның не екенін білмейміз.

 

Дүниенің пайдасына пысықпыз.

Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.

Бауырларға арыстанбыз, барыспыз,

Басқаларға бас игенде – мысықпыз.

 

Мақтаншақпыз,  өтірікші,  даңғоймыз,

Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз.

«Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп,

Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз.

 

Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып,

Селтеңдейміз әуейі боп ән салып.

Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде,

Өлгендерге әуреміз там салып.

 

«Қаным таза, жаным таза» дегенмен,

Көш соңында қалып қойдық неге елден?

Мойындаған күллі адамзат неміз бар?

Не шығардық ел ынтыққан, еленген?

 

Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп,

Ғарышты да игеруде бұрын кеп.

Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде

Белесебет жасай алар білім жоқ.

 

Шіренгенде үзеңгіні үземіз.

Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз.

Оралманға одырая қараймыз,

Келімсектен дірілдейді тіземіз.

 

Ертегіге есігін кең ашқаның,

Ертеңіне қатырмайды бастарын.

Қонағы би жаман үйдің тұрғыны,

Шеттерінен шел басқан көз,  месқарын.

Құдай берген мұнай, көмір, мысың да,

Біздікі емес, билігінде басқаның.

 

Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап,

Ақылымыз ашып бітті айран боп.

Қамқор Алла сақтамаса біздерді,

Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ.

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…

14) КІМ ЖАЗЫҚТЫ (үзінді)

Түскендей әуе жерге қырық күн шілде,

Ішкен мас, жегендер тоқ күнде-күнде.

Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді:

«Кел шық»,— деп иек қағып жарық күнге.

Ән салды таңды мақтап сансыз торғай

Бас иіп бәйек болып жерге қонбай,

Қағылып таң желіне тербетілді,

Көк майса көзі ілініп тұрған сондай.

Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып,

Батқандай мелдігінен нұрға қалқып,

Күлімдеп көктің жүзі көңілі шат,

Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.

Көлбөңдеп көкке қарай жердің буы,

Айнадай анадайдан көлдің суы.

Күй билеп суда тұрған барлық қамыс.

Ән салды домбырамен құстың шуы.

Мақтанып қара түнде нұрын шашқан,

Айдың да өлеусіреп түсі қашқан,

Шығарып сұлу күннің сезгеннен соң,

Бірі жоқ, тамам жұлдыз бетін басқан.

Жайылып тәрге қарай таңның ағы,

Көрінді ауыл-ауыл маңайдағы.

Қарайып өрген сиыр, түйемекен

Ауылдың малға толды әрбір жағы.

Ыңыранып қой қотанды таңды көріп,

Күн шықса, жайылысқа кетпек өріп.

Төбеттер үй алдында жаңа жатты,

Түн бойы қой күзеткен ұйқы бөліп.

Таяқты, жалаң аяқ шалдар тұрып,

Сүйкенген үйлеріне қойларды ұрып.

Бір молда шәугім ұстап тысқа шықты.

Бүкшеңдеп арба айнала қақырынып.

Қисайған қос секілді жалғыз қара —

Ауылдан арқан бойы тұрды дара.

Қолтықтап «Әптиек» пен «Құрандарын»,

Жиылып жатыр сонда біткен бала.

Күн хабар сонда берді нұрын шашып,

Бір күлді жүзіменен амандасып.

«Ал бізге сәуле түсті… Алақай!» — деп,

Ой мен қыр қарап түрды жымыңдасып.

Өргізді қойшы тұрып, қойын айдап,

Ерттеп ап арқандағы атын жайлап,

Торсыққа ақ боз үйден қымыз құйып,

Жанына мықтап тұрып алды байлап.

II

Жайлауға кеше қонған Тасболат бай,

Дарыған «қыдыр» оған, дәулеті сай.

Ақ орда сегіз қанат тігіп тастап,

Жатқаны қор-қор ұйықтап көңілі жай.

Бейқисап — ол жайлауда жердін. шөбі,

Көрінбес кірсе ішінен малдын төлі.

Айдын көл айналасы ат шаршарлық,

Көркейтіп жазғы жауын жердің өңі

Жан-жағы көк майсалы шалғын томар,

Қаққылдап жалтырына қаздар қонар,

Мөп-мөлдір суы таза, суықтығы:



Страницы: 1 | 2 | 3 | 4 ... | Весь текст